Ақтау қаласында Ресейдің бас консулдығы ашылады
Ақтау қаласында Ресейдің бас консулдығы ашылады, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путинмен кездесуінде айтты, деп жазады iz.ru порталы.
«Жақын арада Ақтауда Ресейдің бас консулдығын ашу жоспарлануда. Бұл барлық тұрғыдан алғанда өте маңызды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Қазақстан Республикасының президенті, сондай-ақ, Ресей мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынас стратегиялық серіктестік пен одақтастық дәрежесінде екенін атап өтті. Тоқаевтың айтуынша, мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастың ерекше әлеуетін ауыл шаруашылығы саласында көруге болады.
Айта кетейік, қазір Қазақстанда Ресейдің төрт дипломатиялық өкілдігі жұмыс істейді: еліміздің Астанадағы елшілігі және Алматы, Орал және Өскемендегі үш бас консулдық.
Сондай-ақ Қазақстан астанасында Ресей сауда миссиясы жанындағы Татарстан Республикасының уәкілетті өкілдігі мен Башқұртстан Республикасының өкілдігі жұмыс істейді.