Ақтау: Қызды зорламақ болған мектеп күзетшісі қамауға алынды
Оқиға 11-шағын ауданда орналасқан №10 мектепте жексенбі күні болған.Білім беру ұйымының күзетшісі аулада ойнап жүрген кәмелетке толмаған қыздардың қасына барып, біреуін шақырып алған. Күдікті қызды мектептің кіреберісіндегі күзетші отыратын бөлмеге кіргізіп, тиісе бастапты, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Бұл масқара біздің мектепте болды. Күзетші — 52-53 жастағы адам. Қыз баланы кіргізіп алып, зорламақ болған. Абырой болғанда қыз қашып шықты. Далада ойнап жүрген балаларға барып, алдап ішке кіргізген», — дейді ата-аналардың бірі, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Зардап шеккен қыздың анасы полицияға шағым түсірді.
Аталған мектеп те оқиғаны растады. Күзетші бірден қамауға алынған. Себебі, оның іс-әрекеттері бейнекамераға жазылған. Сондықтан күзет агенттігінің үстінен сотқа шағым берілді.
Полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.