Ақтауда көлік өртеніп, жүргізушісінің қолы күйіп қалды

5 наурыз 2024 8:00 / Новости Казахстана

Ақтауда 42 жастағы қала тұрғыны көлігі өртенген сәтте қолын күйдіріп алды. Өңірдің төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, шағын аудандардың бірінде "Opel" көлігінен толығымен өртеніп кеткен, - деп хабарлайды Arbat.media.

«4 наурыз күні сағат 16:35-те Ақтаудың 23-ші шағын ауданында 1994 жылы шыққан "Opel" маркалы автокөлік отқа оранды. Соның салдарынан 1982 жылы туған жүргізушінің оң қолының 5-6 пайыз бөлігі күйіп алды. Тілсіз жау 16:45-те сөндіріліп, оқиға орнына жеке құрамның 6 қызметкері мен 1 техника жұмылдырылды», - деді облыстық ТЖД-ның баспасөз қызметі.

Ал облыстық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккен қала тұрғынының жағдайы қалыпты екенін атады.

«Бүгін өрт кезінде қолын күйік шалған азамат дәрігер көмегіне жүгінді. Амбулаторлық ем-дом көрсетілген соң үйге жіберілді», - деді Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханының дәрігерлері.

 

Серіктес жаңалықтары