Ақтауда спортшы қызды зорлықпен өлтірген қылмыскер сотталды
6 наурыз 2024 8:34 / Новости Казахстана
Ақтауда 21 жастағы Валерия Шальнованы зорлықпен өлтірген қылмыскерге қатысты сот үкімі шықты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Спортшы қыздың денесі өткен жылдың 2 шілдесінде табылды. Алғашында қыз өзіне қол салды деген болжам жасалған еді, алайда марқұмның туыстары бұған сенбеген.
Желіде аталмыш іске байланысты түрлі жазбалар да тарап, қоғам наразылығын тудырды. Кейін «Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалып, 13 қазан күні сотқа жолданған.
8 айға созылған тергеу әрекеттерінің нүктесі бүгін қойылды. Сот қылмыскерді 22 жылға бас бостандығынан айырды, енді ол жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сот процесіне қатысқан адвокат Ажар Әбділдің айтуынша, айыпталушы қылмысын мойындаудан бас тартты.
6 қараша 2026 18:35 / Новости Казахстана
Алматыда жаңа жылдық безендіруге 512,3 млн теңге бөлінбек
6 қараша 2026 17:48 / Новости Казахстана
Ақтөбеде әйел бұрынғы күйеуінің қолынан қаза тапты
6 қараша 2026 16:25 / Новости Казахстана
Есірткі саудасынан түскен ақша криптовалюта арқылы заңдастырылған
6 қараша 2026 15:39 / Новости Казахстана
Тағы 3 өңірде орташа жылдамдықты бақылау камералары іске қосылады
6 қараша 2026 14:19 / Новости Казахстана
Қазақстан мен Өзбекстан арасында ұшақтар жиі қатынайтын болды
6 қараша 2026 13:14 / Новости Казахстана