Ақтауда жалған хабарлама салдарынан оқушылардың жартысынан көбі сабаққа келмеді

10 қараша 2025 21:29 / Новости Казахстана

Ақтауда мектептерге шабуыл жасалуы мүмкін деген жалған хабарлама тарағаннан кейін оқушылардың жартысынан көбі сабаққа келмей қалды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Ата-аналар қауіпсіздік мақсатында балаларын үйде қалдыруды жөн көрген.

Маңғыстау облыстық Білім басқармасының мәліметінше, барлық мектепте күзет қойылған, бейнебақылау камералары мен дабыл түймелері дұрыс жұмыс істеп тұр. Жағдай толық бақылауда.

2025 жылғы 9 қараша күні мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде Ақтау қаласы тұрғындарының арасында алаңдаушылық тудырған жалған ақпарат таралды. Аталған жағдай бойынша құқық қорғау органдары шұғыл әрекет етіп, арнайы жедел-тергеу штабы құрылып, барлық қажетті тексеру шаралары жүргізілді. Нәтижесінде ешқандай қауіп жоқ екені анықталды. Қазіргі уақытта барлық білім беру ұйымдары қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр, - делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары