Ақтауда жүкті әйелдердің әлеуметтік төлемін заңсыз өсірген бухгалтер сотталды

2 сәуір 2026 13:20 / Новости Казахстана

Ақтау қаласында жүкті әйелдерді жалған жұмысқа орналастырған бухгалтерге сот үкімі шықты, деп хабарлайды Arbat.Media.

ҚМА мәліметінше, бухгалтер өзінің кәсіби білімін пайдаланып, жүкті әйелдерді қолдауға арналған мемлекеттік әлеуметтік төлемдерді заңсыз алу схемасын ұйымдастырған. Ол Instagram желісінде өзін жәрдемақы көлемін арттыруға көмектесетінін маман ретінде таныстырған. Алаяқтықты іске асыру үшін туыстары мен таныстарының атына нақты қызмет жүргізбеген бірнеше жеке кәсіпкер тіркелген. Бухгалтер жалған жұмысқа қабылдау туралы бұйрықтарды, еңбек шарттары және өзге де бухгалтерлік құжаттарды дайындаған.

Осы жалған мәліметтердің негізінде уәкілетті органдар жәрдемақыларды негізсіз жоғары мөлшерде тағайындаған.

Нәтижесінде мемлекетке 146 млн теңге көлемінде залал келтірілген.

Сот үкімімен бухгалтер 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Серіктес жаңалықтары