Ақтөбе облысына тасқын қаупі төніп тұр

21 наурыз 2024 0:47 / Новости Казахстана

Ақтөбе облысына тасқын қаупі төніп тұр. Өңірде күн күрт жылынып, қар тез ериді деген болжам бар. Қазірдің өзінде қызыл су жолдарды шайып жатыр. Шалқар ауданындағы тағы бір жолда көлік қатынасы қиындады. Қырдан аққан қызыл су Қандыағаш - Шалқар арасындағы трассаны басып қалған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы КТК телеарнасы жариялады.

Кеше Ұлпан ауылы маңынан өтетін республикалық жолды да су шайып кеткен.

Қазір осы бөлікте күні-түні кезекшілік қойылған.

Құтқарушылар мейрам күндері өзен арналары көтеріледі деп қауіптенеді. 15 елдімекенді ерекше бақылауға алған. Оның арасында былтыр суға кеткен Қобда мен Ойыл ауылдары да бар.

 — Оңтүстік аудандарда тасқынға қатысты бақылау күшейді. Ырғыз, Ойыл, Байғанин мен Шалқар аудандарында қар еріп жатыр. Бұл облыстың қар қорының 67 пайызындай, - дейді Ақтөбе облысы ТЖД бөлім басшысы Тарас Коваленко. 

Облыс бойынша ауа райына байланысты ескерту берілді.

Серіктес жаңалықтары