Ақтөбе облысында жас мұғалім асылып қалды

11 сәуір 2025 10:32 / Новости Казахстана

Ақтөбе облысында 25 жастағы мұғалім өзіне жантүршігерлік жағдайда қол жұмсады, деп хабарлайды Arbat.media Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға 8 сәуір күні Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Қаратоғай ауылында болды. Жас ұстаздың денесі өз үйінен табылды. Шетырғыз ауылдық округіне қарасты шағын ауылда мұғалімнің асылып қалғаны белгілі болды. Оқиға таңғы уақытта болған.

«8 сәуір күні Қаратоғай ауылында сағат 07:00 шамасында ауыл тұрғыны өз үйінде асылып қайтыс болды. Қаратоғай мектебінің түлегі, 2019 жылдан бастап музыка пәні мұғалімі болып жұмыс істейді. Өте белсенді, білікті мұғалім болды»,- деді Шалқар аудандық білім бөлімінің басшысы Аянберген Қонысбайұлы.

Марқұм Темірлан Намазбай Ақтөбе педагогикалық колледжін тәмамдаған. Үйленбеген. Анасы ауыл мектебінде директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істейді. Ата-анасымен бірге тұрады.

Марқұм Қаратоғай мектебінде алты жылдан бері музыка пәнінен сабақ берген. Қайғылы оқиғаға қатысты полиция 1999 жылы туған азаматтың өлімін растады. Анықтау, тергеу жұмыстары жүріп жатқанын хабарлады.

Серіктес жаңалықтары