Ақтөбе облысында жол апатынан төрт адам қаза тапты

16 тамыз 2025 16:16 / Новости Казахстана

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданындағы Белқопа ауылы маңында болған жол апатынан төрт адам қаза тауып, тағы үш адам түрлі дене жарақатын алды, деп хабарлайды Arbat.Media.

"ҚазАвтоЖол" баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Апат 15 тамызда сағат 14:00 шамасында болған. Алдын ала мәліметке сәйкес, Toyota Alphard көлігі қарсы жолаққа шығып, Volvo жүк көлігімен соқтығысқан.

Оқиға орнына жасалған тексеріс барысында жолдың асфальтобетон екені, көріністің шектелмегені және учаскенің тегіс екені анықталды. Бұл жерде шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жол жұмыстарына байланысты рұқсат құжатына сәйкес тиісті белгілер қойылып, жылдамдық сағатына 40 шақырымға дейін шектелген.

"Құрметті жүргізушілер, жолда жылдамдық режимін сақтау, рөлде мұқият болу және жол ережелерін қатаң орындау – сіздің жеке жауапкершілігіңіз әрі өмірді сақтаудың кепілі. Өзіңізді және өзгелерді қорғаңыздар", – делінген ұлттық компания хабарламасында.

Серіктес жаңалықтары