Ақтөбеде қазақша күрестен жаттығу кезінде спортшы көз жұмды
Ақтөбеде қазақша күрес бойынша оқу-жаттығу жиындары кезінде жазатайым оқиға болды. 15 жастағы Рахымжан Елепбергенов жаттығу кезінде қарсыласы лақытрғаннан кейін көз жұмды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Қайғылы оқиға осы жылдың ақпан айында олимпиадалық резерв мектебінде болған. Оған ота жасалып, жас спортшы 42 күн ес-түссіз жатыпты. Рахымжан Елепбергенов 5 сәуір күні көз жұмады, Бірақ жасөспірімнің отбасы жақында ғана болған оқиға туралы айтуға бел буыпты.
Ақтөбедегі сайысқа 15 жастағы жасөспірім өз бапкерімен бірге Родниковка ауылынан келген. Спарринг кезінде қарсыласы жасөсіпірімді көтеріп кілемге лақтырған. Жасөспірім жағдайы нашарлап, басын ұстап, кілемде жатып қалған. Туыстарының айтуынша, оқиғадан 28 сағат өткен соң ғана бас сүйегіне ота жасалған екен.
Ата-ана ұлдары жарақат алған күні жиында дәрігерлер болмағанын, спортшылардың қасында алғашқы медициналық көмек көрсете алатын адам болмағанын кейініреу біліпті. Марқұмның туыстары көмек уақытында көрсетілсе, қайғылы оқиғаның алдын алуға болар еді деп ойлайды.