Ақтөбеде тікұшақ сұраған ауылдың халқын көшіріп жатыр

30 наурыз 2024 13:11 / Новости Казахстана

Ойыл ауданы Қаратал ауылының тұрғындары эвакуацияланып жатыр. Әзірге 27 адам аудан орталығына жеткізілді. Ойылдың Қаратал (Ш.Берсиев) ауылының тұрғындары аудан орталығындағы эвакуациялық пунктілерге орналастырылып жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады. 

Ойыл ауылындағы спорт мектебі, аграрлық колледж және 38 үй эвакуациялық пункт ретінде ұйымдастырылған.

Бұл орындарға осы ауыл тұрғындары көшіріледі. Төсек-орын, гигиеналық заттар, тамақтандыру жағы қарастырылған.

«Дәрігерлік көмек қажет болса аудандық аурухананың барлық қызметкерлері әзір. Медициналық құрал-жабдықтары мен дәрі-дәрмектер бар. Ақтөбе облыстық балалар ауруханасының реаниматолог, хирург, педиатрларымен бірге, № 2 Ақтөбе қалалық емхананың бас психологы да эвакуациялық пунктке барды, — деп хабарлады Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, кеше кешкілік тұрғындар жарығы, жылуы, суы жоқ мектеп қалғанын хабарлап, көмек сұрады. Кейін үш тікұшақ жіберу жөнінде шешім қабылданды.  

 

Серіктес жаңалықтары