Ақтөбедегі әскери қызметшінің өліміне байланысты қылмыстық іс қозғалды

24 қараша 2024 16:31 / Новости Казахстана
Kazinform

Ақтөбе облысында әскери қызметшінің суицид жасауына байланысты қылмыстық іс қозғалды, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Осы жылдың 23 қарашасында Ақтөбе гарнизонына қарасты әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтің әскери қызметшісі қарауыл қызметін атқару кезінде өзіне бекітілген қарумен атылып, суицид жасады. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жарияланбайды. Құрлықтағы әскер қолбасшылығы әскери қызметшінің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады», — делінген Ақтөбе гарнизоны таратқан ақпаратта, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Айта кетсек, Ақтөбе облысындағы әскери бөлімде әскери қызметшісі-сарбаз мерт болғанын Ақтөбе гарнизонының баспасөз қызметі растаған еді.

«23 қарашада Ақтөбе гарнизонына қарасты әскери бөлімдердің бірінде мерзімді қызметтің әскери қызметшісі қарауыл қызметін атқару кезінде өзіне бекітілген қарумен атылып, суицид жасады, - делінген хабарлама.

Серіктес жаңалықтары