Ақтөбелік кәсіпкер Елдос Сметовті құттықтап, 100 жылқы атады

29 шілде 2024 19:50 / Новости Казахстана
ото: Pixabay.com

Ақтөбелік кәсіпкер Ануар Маханов дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке телефон шалып құттықтап, ауылға шақырды. Ол чемпионға 100 жылқы атады. Ақтөбелік кәсіпкер Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиаданы отбасы болып тамашалап, Елдос Сметовке жанкүйерлік етті. Бұған дейін қола, күміс медаль таққан дзюдошының бұл жолы чемпион атанатынына сенді, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.

— Өзім спорт жанкүйерімін, Олимпиадаларды үзбей қараймын. Елдос осы жазғы Олимпиадада бірінші орын алады деп үміттендім. Үміт ақталды. Өзім Елдос Сметовтің телефон нөмірін тауып алып, хабарластым, ауылға келуін сұрадым. Оған 100 жылқы атаған жайым бар. Байғанин ауданы, Жарқамыс ауылына апарамын. Олимпиада чемпионын ауыл балаларының да көргенін қалаймын. Чемпиондар ауылдан шығады. Мен дзюдошыны жүзбе-жүз танымасам да оның жетістіктерін білемін. Әрі Олимпиаданың алғашқы күні-ақ елді қуантты. Бүкіл қазақты дүр сілкіндірді. Ол әрдайым ағалары бар екенін біліп жүрсе деймін. Спорттан қол үзбей, өзің секілді чемпион тәрбиеле деп бұйымтайымды айттым, — деді кәсіпкер Ануар Маханов.

Айта кетейік, кәсіпкер Жем бойында қазақы жабы тұқымды жылқы шаруашылығын дамытып отыр. Чемпионға атағаны да асыл тұқымды жылқы.

— Менің бағып отырған жылқым менікі емес, елдің қуанышына, жақсылығына арналған. Өзім ауылдағы спорт мектебіндегі үйірмеге қатысып, жеңімпаз болып жүрген балаларды да қолдап отырамын. Марқұм әкем Ақмырза Маханов та 1976 жылы еркін күрестен Кеңес одағының чемпионы болған. Балаларым да спортқы қызығады. Үлкені футболшы болуды армандайды, — деді кәсіпкер.

 

Серіктес жаңалықтары