«Арзан ыдыс алып беремін»: Тұрғындарды алдап, 3 млрд теңге жинаған
18 қараша 2023 10:00 / Новости Казахстана
Маңғыстауда Қытайдан төмен бағаға ыдыс-аяқ алдырып беремін деп, тұрғындарды 3 млрд теңгеге алдаған 39 жастағы әйел қамауға алынды, - деп хабарлайды Arbat.media.
Оның үстінен полицияға 250-ге жуық арыз түскен.
39 жастағы келіншек WhatsАpp желісінде топ ашып, Қытайдан төмен бағаға ыдыс-аяқ жеткізетіні туралы хабарлаған. Тауарды жеңілдікпен алу механизміне мүмкіндігінше тапсырыс берушілерді көптеп тартқан.
Келтірілген материалдық шығын көлемі 3 млрд теңгеге жеткен.
«Бұл дерек бойынша қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі (Аса ірі мөлшердегі алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде тіркелді. Қазір 39 жастағы әйел қамауіа алынып, тергеу жүргізіліп жатыр», - деп мәлім етті Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметі.
16 қыркүйек 2026 18:25 / Новости Казахстана
Жазира Байырбекованың сіңлісі опасыздық туралы пікірін білдірді
16 қыркүйек 2026 17:16 / Новости Казахстана
Семейде 13 жастағы оқушы досына 15 рет пышақ сұққан
16 қыркүйек 2026 16:31 / Новости Казахстана
Актер Нұрсұлтан Жақсыгенге қатысты сот үкімі шықты
16 қыркүйек 2026 15:18 / Новости Казахстана
Ақмола облысында көлік қағып кеткен төрт жасар қыз көз жұмды
16 қыркүйек 2026 14:13 / Новости Казахстана
Санжар Боқаевтың ісі бойынша алғашқы сот отырысы 28 қыркүйекте өтеді
16 қыркүйек 2026 13:32 / Новости Казахстана