«Астана – Петропавл» тас жолында бірнеше көлік соқтығысты
2 қаңтар 2024 21:11 / Новости Казахстана
«Астана – Петропавл» тас жолында бірнеше көліктің соқтығысуынан көлік кептілісі болды, деп хабарлайды Kazinform.
Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы бүгін, 2 қаңтарда «Астана – Петропавл» тас жолының бойында Жасыл ауылы маңында болған.
«Алдына ала анықталған мәлімет бойынша, жол-көлік оқиғасы 10-ға жуық көліктің соқтығысуынан болған. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ, көліктерге механикалық зақым келді», – деді ведомстводан.
Осы ретте, тәртіп сақшылары жүргізушілерге ауа райы жайсыз болған күндері арнайы ескертулерге құлақ асуға, жолға шыққанда абай болуға, сондай-ақ белгілі жылдамдық режимін және ара қашықтықты сақтау қажеттігін еске салады.
13 қараша 2026 18:22 / Новости Казахстана
Ақтауда жойқын жарылыс болды
13 қараша 2026 17:18 / Новости Казахстана
Екі айға жуық іздеген: Теміртау маңынан үш баланың анасы өлі табылды
13 қараша 2026 16:01 / Новости Казахстана
Елжас Отыншиев ұсталғаннан кейін «Қазақстан темір жолы» алғаш рет ресми мәлімдеме жасады
13 қараша 2026 14:58 / Новости Казахстана
Тоқаев «Самұрық Қазына» мен «ҚТЖ» басшыларының ұсталуына байланысты мәлімдеме жасады
13 қараша 2026 13:18 / Новости Казахстана
Ақтөбеде Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы Тимур Еспағанбетов ұсталды
13 қараша 2026 12:35 / Новости Казахстана