Астанада алғаш рет боччадан Әлем кубогінің кезеңі өтіп жатыр
1–9 маусым күндері елордада алғаш рет боччадан Astana 2026 World Boccia Cup халықаралық турнирі өтіп жатыр. Жарыс ресми рейтингтік бәсекелер қатарына кіретін Әлем кубогі кезеңдерінің бірі, деп хабарлайды Arbat.Media.
Турнирге әлемнің 24 елінен, соның ішінде Бразилия, Канада, Қытай, Ұлыбритания, Оңтүстік Корея, Франция және Португалиядан келген 90-ға жуық спортшы қатысып жатыр.
Турнирдің ашылу салтанатына Бочча федерациясының президенті Мәулен Әшімбаев, Халықаралық бочча федерациясының президенті Джонатан Морган және Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов қатысты.
Мұндай деңгейдегі жарыстың Қазақстанда өтуі елдің спорттық іс-шараларды ұйымдастыру әлеуетінің жоғары екенін көрсетіп, инклюзивті спортты кеңінен насихаттауға қосымша мүмкіндік береді.