Астанада автобус әйелді қағып өлтірді

28 тамыз 2024 8:41 / Новости Казахстана
ФОТО: Depositphotos

Астанада автобус жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінде әйелді қағып өлтірді. Қайғылы оқиға бүгін қала орталығында болды. Желіде оқиға орнынан видео пайда болды. Кадрда бірнеше полиция көлігі қоршап алған автобус көрінеді. Оқиға күндіз Тұран даңғылы мен Сығанақ көшесінің қиылысында болған, - деп хабарлайды Arbat.media.

Астана Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мұндай өткелдерде қозғалысты реттейтін бағдаршам жоқ, ал ережеге сәйкес жүргізушілер жаяу жүргіншілерге жол беруі керек.

Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от ASTANA / НОВОСТИ / АСТАНА (@astanovka98)

"102-ге Сығанақ көшесімен келе жатқан автобус жүргізушісі Тұран даңғылына оңға бұрылған кезде реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінде жолды кесіп өткен жаяу жүргіншіні қағып кеткені туралы ақпарат түсті. Әйел алған жарақаттарынан сол жерде жан тапсырды", - деп жазылған хабарламада.

Серіктес жаңалықтары