Астанада автотұрақта ер адам бұрынғы әйелін пышақтап өлтірді
24 қыркүйек 2026 15:17 / Новости Казахстана
Астанада 22 қыркүйек күні шамамен сағат 20:00-де автотұрақта әйелге ер адам пышақпен шабуыл жасалған. Полицияға осы туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Arbat.Media.
Оқиға орнына барған тәртіп сақшылары шабуыл жасаған адамның жәбірленушінің бұрынғы күйеуі екенін анықтады. Әйел алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.
Күдікті жедел ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Адам өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.
Әлеуметтік желіде марқұмның есімі Жазира екені және 1996 жылы туғаны жазылды. Сондай-ақ кей қолданушылар әйелге көлігін тұраққа қойып жатқан кезде шабуыл жасалғанын және оның артында екі баласы қалғанын айтқан. Бұл ақпарат әзірге полиция тарапынан ресми расталған жоқ.
6 қараша 2026 18:35 / Новости Казахстана
Алматыда жаңа жылдық безендіруге 512,3 млн теңге бөлінбек
6 қараша 2026 17:48 / Новости Казахстана
Ақтөбеде әйел бұрынғы күйеуінің қолынан қаза тапты
6 қараша 2026 16:25 / Новости Казахстана
Есірткі саудасынан түскен ақша криптовалюта арқылы заңдастырылған
6 қараша 2026 15:39 / Новости Казахстана
Тағы 3 өңірде орташа жылдамдықты бақылау камералары іске қосылады
6 қараша 2026 14:19 / Новости Казахстана
Қазақстан мен Өзбекстан арасында ұшақтар жиі қатынайтын болды
6 қараша 2026 13:14 / Новости Казахстана