Астанада декреттегі әйел есірткі сақтап, сатты деген күдікке ілінді

27 тамыз 2026 9:08 / Новости Казахстана

Астанада полиция жалдамалы пәтерде есірткі қоймасын ұйымдастырды деген күдікпен екі әйелді ұстады. Олардың бірі – 35 жаста және декреттік демалыста болған. Екінші әйелдің жасы – 27-де, деп хабарлайды Arbat.Media.

Полицияның мәліметінше, күдіктілер есірткіні пәтерде сақтап, мөлшерлеп ораған. Кейін дайындалған заттарды әрі қарай тарату үшін курьерлерге берген.

Әйелдер пәтерден алдын ала оралған есірткі заттарын алып шықпақ болған кезде ұсталған.

Тінту барысында марихуана, гашиш майы, каннабис шайыры, пробиркалар мен түрлі пакеттер табылған. Тәркіленген заттардың жалпы салмағы шамамен 2 келіні құрады.

Аталған факті бойынша адамдар тобының құрамында есірткі заттарын сақтау және өткізу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары