Астанада есірткі жасырумен айналысқан қыз бен жігіт ұсталды

23 тамыз 2025 9:20 / Новости Казахстана

Астанада есірткі жасырумен айналысқан қыз бен жігіт ұсталды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Астана қаласының полицейлері тексеру барысында «KIA RIO автокөлігін тоқтатып, салонды тінту кезінде сөмкеден ақшыл түсті ұнтаққа ұқсас зат салынған 20 орама және азаматшаны жеке тінту кезінде тағы 10 орама тапқан.

Күдіктілердің тұрғылықты мекенжайына тінту жүргізу кезінде жатын бөлмеден 53 орама тәркіленген. Сараптама қорытындысы бойынша алынған зат есірткі құралы мефедрон екені белгілі болды.

Тексеру барысында күдіктілердің шамамен бір жыл бойы Telegram желісі арқылы синтетикалық есірткіні таратумен айналысатын интернет-дүкенге «қоймашы-тасымалдаушы» қызметін атқарғаны анықталды.

Бұл іске қатысты қазір қылмыстық іс қозғалып, ер адам мен қыз уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Серіктес жаңалықтары