Астанада мектеп оқушысы жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
16 сәуір 2025 12:21 / Новости Казахстана
Астанада 18 жастағы Ажар Омар жұмбақ жағдайда жоғалып кетті, деп хабарлайды Arbat.media.
Ажар Омар бірнеше күн бұрын Астанадағы Жұбанов көшесіндегі үйінен шығып кеткен, содан бері хабарсыз.
Қыздың жоғалғаны жайлы еріктілер әлеуметтік желілерде жариялады. Олардың айтуынша, Ажар жоғалған кезде үстінде қара шалбар, ақ кофта және көк күрте болған. Ол 11-сыныпта оқиды.
Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі іздеу жұмыстарының жүргізіліп жатқанын растады. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шараларын жүргізуде: куәгерлерден жауап алып, қыздың айналасындағы адамдарды анықтап, жоғалу жағдайларын зерттеуде.
Ажар Омар жайлы қандай да бір мәлімет білетіндерден полицияға хабарласу сұралады.
9 қараша 2026 11:25 / Новости Казахстана
Тойдан қайтқан жолаушылар мінген көлік өзенге құлап, 71 адам қаза тапқан
9 қараша 2026 10:20 / Новости Казахстана
Орал маңында кран құлап, жұмысшы көз жұмды
9 қараша 2026 9:15 / Новости Казахстана
9 қарашаға арналған ауа райы болжамы
6 қараша 2026 18:35 / Новости Казахстана
Алматыда жаңа жылдық безендіруге 512,3 млн теңге бөлінбек
6 қараша 2026 17:48 / Новости Казахстана
Ақтөбеде әйел бұрынғы күйеуінің қолынан қаза тапты
6 қараша 2026 16:25 / Новости Казахстана