Астанада қоғамдық көлік әйелді қағып мерт қылды
Елордада жолаушы тасымалдайтын автобус жаяу жүргіншіні қағып кетті. 33 жастағы әйел ауыр жарақаттан сол жерде тіл тартпай кеткен, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы КТК телеарнасы жариялады.
Сығанақ көшесімен келе жатқан автобус жаяу жүргіншіні Тұран даңғылына бұрылған кезде соққан.
Бұл қиылыста бағдаршам жоқ. Ал мұндай жерлерде көліктегілер ережеге сәйкес, жаяу жүргіншілерді өткізіп жіберуге міндетті.
Қазір аталмыш оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, сараптамалар тағайындалған. Оқыс оқиғаға себепші №61 қоғамдық көлік «Бірінші автобус паркіне» тиесілі. Олар өз кезегінде қайтыс болған жанның отбасын қолдау үшін бәрін жасайтынын жеткізді.
Сәбит Болатов, № 1 Автобус паркі» басқармасы төрағасының орынбасары:
— Марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Біз өз тарапымыздан міндетті түрде материалдық көмек көрсетеміз. Жүргізушілерді күнделікті жолға шықпай тұрып тексерістен өткіземіз. Ауысымның алдында және аяғында медициналық бақылаудан өтеді. Оған қоса қызметкерлеріміз біліктілікті арттыру орталығында дайындықтан өтіп, онда арнайы сертификат беріледі.ktk.kz сайтының материалдарын пайдалану Материалды мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде негізгі мәтін ретінде бір шрифтпен орналастырылуы тиіс материалға тікелей гиперсілтеме болған кезде рұқсат етіледі.