Астанада жас жігітті компьютерлік клубтан әскери комиссариатқа күштеп алып кеткен

19 желтоқсан 2025 21:18 / Новости Казахстана

Астанада жас жігітті компьютерлік клубтан әскери комиссариатқа күштеп алып кеткен. Бұл жолы Астанадағы компьютерлік клубтан жігітті еденде сүйреп, күштеп алып шыққан, деп хабарлайды Arbat.Media.

Астана қалалық қорғаныс істері жөніндегі департамент өкілдері жедел алдын алу іс-шарасы аясында компьютерлік клубтардың бірінде 2006 жылы туған, әскери есепте тұрған әрі әскерге шақыру жасындағы азаматты анықтаған.

“Аталған азаматқа бұрын бірнеше рет әскери қызметке жарамдылығын анықтау үшін медициналық тексеруден өту қажеттігі туралы СМС-хабарламалар жіберілгені, алайда оның бұл ескертулерді елемегені анықталды. Қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес, азамат медициналық комиссиядан өту үшін полиция қызметкерлері арқылы қалалық жинақтау пунктіне жеткізілді”, – делінген департамент жауабында.

Департамент алғашқы медициналық тексерудің нәтижелері бойынша жігіт тұрақты тіркелген жері бойынша қосымша медициналық тексеруге жіберілгенін атап өтті. Жігітке тиісті жолдама беріліп, үйіне жіберілген.

Серіктес жаңалықтары