Асырап алған балаларына жауыздық танытқан емшіге қатысты іс сотқа келіп түсті

8 маусым 2024 0:20 / Новости Казахстана

Асырап алған балаларына қатыгездік танытты деген айып тағылған емшіге қатысты қылмыстық іс Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына келіп түсті, - деп хабарлайды Arbat.media.

Балаларға жауыздық танытты деген күдікті емшіге Қылмыстық істің 110-бабы (Қинау) және 140-бабымен (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау) айып тағылып отыр.

Қалалық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, алдағы аптада қоғамдық резонанс тудырған қылмыстық істі қарайтын судья бекітіледі. Сот процесі жабық өтетін болады.

Біз бұған дейін Шымкентте жергілікті танымал емшінің 6 баланы асырап алып, оларға ит пен мысықтың етін бергенін, үш жылдан бері азаптап келгенін жазған болатынбыз. Кейінірек емші туралы тың дерек шықты.

Емші ісінен соң білім саласының бірқатар қызметкері жазаланды. Сонымен қатар қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар балалардың қазіргі жағдайы туралы айтып берді.

Емші асырап алған балалар туралы тың дерек:  бүлдіршіндердің бірі аталған отбасыға небәрі 1,5 айлығында қамқорлыққа берілген. Қамқорлыққа берілген балалардың арасында үш айлық егіздер де бар.

 

Серіктес жаңалықтары