Ата-анасы жоқ жасөспірімді бірнеше жігіт зорлаған
22 қыркүйек 2026 14:23 / Новости Казахстана
Алматы облысында 15 жастағы 9-сынып оқушысы бірнеше жігіттің зорлығына ұшыраған. Қыздың айтуынша, оқиға екі айға жуық уақытқа созылған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Жасөспірім әлеуметтік желі арқылы жігіттердің бірімен танысқан. Кейін ол қызға түнде хабарласып, сыртқа шықпаса, сөйлескендерін ағасына айтып қоятынын айтып қорқытқан. Ағасынан ұялып, қорыққан қыз сыртқа шығуға мәжбүр болған.
Осыдан кейін күдікті оны көлігіне отырғызып, зорлаған. Артынша қыздың телефон нөмірін басқа жігіттерге таратып жіберген. Содан кейін жасөспірім бірнеше адамның бопсалауына ұшырап, олардың қысымынан шыға алмай қалған.
Алдын ала мәлімет бойынша, 16-26 жас аралығындағы бірнеше жігіт қыздың шарасыз жағдайын пайдаланып, оны екі ай бойы зорлап келген.
6 қараша 2026 18:35 / Новости Казахстана
Алматыда жаңа жылдық безендіруге 512,3 млн теңге бөлінбек
6 қараша 2026 17:48 / Новости Казахстана
Ақтөбеде әйел бұрынғы күйеуінің қолынан қаза тапты
6 қараша 2026 16:25 / Новости Казахстана
Есірткі саудасынан түскен ақша криптовалюта арқылы заңдастырылған
6 қараша 2026 15:39 / Новости Казахстана
Тағы 3 өңірде орташа жылдамдықты бақылау камералары іске қосылады
6 қараша 2026 14:19 / Новости Казахстана
Қазақстан мен Өзбекстан арасында ұшақтар жиі қатынайтын болды
6 қараша 2026 13:14 / Новости Казахстана