Атырау облысындағы сұмдық жағдай: Күдікті мен әйеліне халықаралық іздеу салынды
Атырау облысының Жангелдин ауылында бүкіл бір отбасының қазасы мен жоғалуына қатысты тергеу жалғасуда, деп хабарлайды Arbat.Media.
Мәйіттері табылғаү ерлі-зайыптының кіші қызына және күдікті Сұлтан Сәрсемәлиевке халықаралық іздеу жарияланды.
Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
«Полиция қылмыс жасады деген күдікпен ер адамға және жоғалып кетті деген күдікпен әйел адамға (Ақбаян Мұқанғалиеваға) халықаралық іздеу жариялады», — деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметі.
30 жастағы Ақбаян — бес баланың анасы. Жақындарының айтуынша, соңғы босануы әйелдің денсаулығына қатты әсер еткен. Күйеуі оны Түркияға емделуге апарған көрінеді. Ал таныстары ол жақта психиатриялық ем қабылдағанын жазады.
Ол Индер ауданындағы жанармай құю бекетіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Айта кетейік, Атырау облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кетіп, 2 айдан кейін денесі табылған ерлі-зайыптылардың жерлеу рәсімі 8 қаңтар күні өтті.