Атыраудағы №2 облыс ауруханасының ластығы жұртты шошытты
16 қаңтар 2024 11:12 / Новости Казахстана
Аурухананың ластығы жұртты шошытты. Атыраудағы №2 облыс ауруханасының мүшкіл жағдайы әлеуметтік желіге жарияланды. Оны жұпыны палатада жатқан науқастың анасы түсіріп алыпты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Баласы ішек инфекциясынан ем-дом алып жатқан әйел бұл ауруханада ешқандай жағдай жасалмағанын айтады.
Бәрі ескі-құсқы, тазалықтан мақұрым деп ашынды.
Ал аурухана әкімшілігі емдеу мекемесі 2016 жылдан бері күрделі жөндеу көрмегенін, оған қоса науқастардың көптігінен палаталарға ескі кереует кіргізуге мәжбүр болғанын айтып ақталуда.
Айтуынша, тазалық уақтылы жасалады, төсек-орындар да санитарлық талапқа сай көрінеді. Аурухана басшылары биыл ғимаратқа жөндеу жүргізіледі деп сендірді.
29 қазан 2026 17:59 / Новости Казахстана
Банк қызметкерлері заңсыз интернет-казиноларға көмектескен
29 қазан 2026 17:44 / Новости Казахстана
«Хакер Атырау» ісі: 12 адамнан 13 миллион теңге алды деп айыпталған адам сотта жауап берді
29 қазан 2026 16:28 / Новости Казахстана
Желтоқсан айынан бастап әлеуметтік төлем алып жүрген азаматтардың табысы банк арқылы тексеріледі.
29 қазан 2026 15:30 / Новости Казахстана
Бүгінде ерекше білімді қажет ететін 237 мыңнан астам бала бар, деп хабарлайды Arbat.Media.
29 қазан 2026 14:18 / Новости Казахстана
3 қарашада «Ұмай» ипотекасына өтінім қабылдау басталады
29 қазан 2026 13:25 / Новости Казахстана