Атыраудағы өртте күйіп қалған үш жасар бала көз жұмды
Атырауда 2 қаңтарда тұрғын үйде газ-ауа қоспасы жарылып, бір отбасының 5 адамын күйік шалған еді. Аурухананың жансақтау бөлімінде ерлі-зайыптылар мен 3 айлық сәби, ал, жақында 3 жасар бала да қайтыс болды. Ауруханада жатқан әйелдің жағдайы әлі де ауыр, - деп хабарлайды Arbat.media.
Бұл туралы Kazinform агенттігі жазады.
Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 2001 жылғы облыстық аурухананың жансақтау бөлімінен хирургия бөліміне ауыстырылған.
«Облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне түскен 3 жасар бала қайтыс болды. Қазір облыстық аурухананың хирургия бөлімінде 2001 жылғы әйел жатыр. Науқас бұл бөлімге жақында ауыстырылды. Оның жағдайы әлі де ауыр күйде қалып отыр. Дәрігерлер науқасты жіті бақылауға алып, ем-дом жүргізіп жатыр», - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
2 қаңтарда Атырауда тұрғын үйде газ жарылып, 5 адамды күйік шалған еді.
Көкарна елдімекеніндегі тұрғын үйдегі газ-ауа қоспасы жарылып, соңы өртке ұласқан. Жарылыстың салдарынан тұрғын үйдің 9 шаршы метр қабырғасы құлап, 140 шаршы метр алаңы жанып кеткен. Өрттен зардап шеккен бес адам аурухананың жансақтау бөліміне түсті.