Атыраудағы трагедияға қатысы бар күдікті жайлы тың дерек шықты

1 наурыз 2026 16:23 / Новости Казахстана

Индонезияда ұсталған Қазақстан азаматы Сұлтан Сәрсемәлиевтен тәркіленген заттар жайлы жаңа мәлімет шықты, деп хабарлайды Arbat.Media Alash.kz ұлттық порталына сілтеп.

Kznews.kz хабарлауынша, жергілікті полиция таратқан дерекке сәйкес, күдіктіден паспорт, ұялы телефондар, жеке куәліктер, халықаралық банк карталары және өзге де жеке құжаттар алынған.

Алайда ашық жарияланған индонезиялық материалдарда қандай жеке куәліктер табылғаны, олардың нақты кімнің атына рәсімделгені көрсетілмеген. Яғни қазіргі ресми ақпаратта тек құжаттардың жалпы тізімі ғана берілген, ал олардың иелері туралы нақтылау жасалмаған.

Сондай-ақ полиция күдіктімен бірге болған 30 жастағы Қазақстан азаматы MA инициалды әйелдің де ұсталғанын хабарлаған. Бірақ оның бұл іске қатысы бар-жоғы және құқықтық мәртебесі әлі қаралып жатыр.

Сұлтан Сәрсемәлиев Индонезияның Ломбок аралындағы Сенару ауылында ұсталған. Полиция мәліметінше, ол Интерполдың қызыл хабарламасы негізінде іздеуде болған. Қазір ол Солтүстік Ломбок полициясының бөлімінде отыр, ал ары қарай іс экстрадиция тетігімен қаралуы мүмкін.

 

Серіктес жаңалықтары