Атыраулық қыздар жергілікті блогерді зиратқа апарып соққыға жықты
Instagram әлеуметтік желісінде 13 мыңға жуық жазылушысы бар блогер Құралай Болатованы Ыстамбұлға тур ұйымдастырушы Айдана Ақмырзиева соққыға жықты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Атыраулық Құралай Болатова жанжалдың Ыстамбұлға турды жарнамалауға келіскеннен кейін басталғанын айтады. Құралайдың өзі де Айдана Ақмырзиеваға тур үшін алдын ала 100 мың теңге береді.
Оқырмандарының арасынан Ыстанбұлға баратындар табылып, олар да ақша аударады.
Алайда, тур болмайды. Ал Болатова қаражатты қайтаруды талап еткені үшін соққыға жығылады.
3 қазан күні кешке Айдана Ақмурзиева мен оның досы Ақбота Нұғманова Құралаймен «сөйлескісі» келетінін айтып, шақырып алады. Бірақ қыздар блогерді қаралап, зиратқа апарып ұрып-соғады.
«Мені алдап, ұрып-соғып, қорлады. Мен үндемей тұра алмаймын, шындықтың шыққанын және кінәлілердің жауап бергенін қалаймын. Заң барлығына бірдей болуы керек», - дейді Құралай Болатова.
Жәбірленушінің айтуынша, қыздардың бірі прокуратурада танысы барын, бәрібір ештеңе дәлелдей алмайтынын айтқан.
Сотқа дейінгі тергеу «орташа ауырлықтағы денсаулыққа зиян келтіру» бабы бойынша тіркелді. Тергеуші жәбірленушіге қатысты сот-медициналық сараптама тағайындады.