Атыраулық хакер жоғалған отбасыға қатысты шұғыл хабарды таратты
18 қаңтар 2026 15:06 / Новости Казахстана
Атырау облысында із-түзсіз жоғалған отбасыға қатысты жаңа мәлімдеме жасалды, деп хабарлайды Arbat.Media Arasha.kz-ке сілтеме жасап.
Өзін "Атыраулық хакер" деп таныстырған желі қолданушысы қолындағы деректерге сүйене отырып, кезекті сұрақтарды ортаға салды. Ол 24 қаңтарда жарияланатын екінші бөлімде бірқатар маңызды жайттарға тоқталатынын мәлімдеді.
Атап айтқанда, ол мына мәселелерге назар аударды:
- Наурыздың телефоны не себепті Өзбекстан аумағында қосулы болған және сигнал нақты қай жерде тіркелгені неге әлі күнге дейін айтылмайды?
- Бұл ақпаратты кім және не үшін жасырып отыр?
- Араға уақыт салып, отбасының тағы екі мүшесі неге табылмады?
- Неліктен қоғамға нақты, ашық жауаптар берілмей отыр?
Сондай-ақ ең резонансты сұрақты да көтерді:
- Жоғалған отбасы туралы видео жарияланғаннан кейін, неге БАҚ-та "Атыраулық хакер халықаралық іздеуде" деген ақпарат пайда болды?
- Бұл әңгімені кім таратты және оның мақсаты қандай?
"Сұрақтар көбейіп барады, ал жауаптар керісінше азайып жатыр. Осының бәрін екінші бөлімде айтып беремін. Видео жақын арада шығады", – деп мәлімдеді ол.
29 қазан 2026 17:59 / Новости Казахстана
Банк қызметкерлері заңсыз интернет-казиноларға көмектескен
29 қазан 2026 17:44 / Новости Казахстана
«Хакер Атырау» ісі: 12 адамнан 13 миллион теңге алды деп айыпталған адам сотта жауап берді
29 қазан 2026 16:28 / Новости Казахстана
Желтоқсан айынан бастап әлеуметтік төлем алып жүрген азаматтардың табысы банк арқылы тексеріледі.
29 қазан 2026 15:30 / Новости Казахстана
Бүгінде ерекше білімді қажет ететін 237 мыңнан астам бала бар, деп хабарлайды Arbat.Media.
29 қазан 2026 14:18 / Новости Казахстана
3 қарашада «Ұмай» ипотекасына өтінім қабылдау басталады
29 қазан 2026 13:25 / Новости Казахстана