Атыраулық жүкті әйел дәрігердің салғырттығынан баласынан айырылды
Атырау облысы Қызылқоға ауданының тұрғыны Айгүл Егізбаева дәрігерлердің немқұрайлылығынан баласынан айырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arbat.media.
Бір жылға жуық әйел кінәлілерді жазалауды талап етіп келеді. Жауаптылар жұмыстан шыққанымен, әйел олардың заң алдында жазаланғанын қалайды.
2023 жылғы 25 мамырда Сағыз ауылының жүкті тұрғыны Атырау қаласындағы Алмагүл шағын ауданындағы перинаталдық орталыққа жедел жәрдеммен жеткізілді. Сағат 21:00 шамасында оны дәрігер Нұргүл Маратқызы қабылдайды. Түн ортасында әйелдің толғағы басталады. Әйел ауырып тұрса да, оны ешкім тексермегенін айтты. Тіпті гинеколог маман да келіп тексермеген.
Тек 26 мамырда таңертең, шамамен 7:30-да дәрігерлер әйелге келген. Тексеру барысында түнде қоюы керек болған диагнозды дәрігерлер таңертең анықтаған. Кейінірек оған ота жасалды, бірақ бала өлі туылды.
«Мәйітханада маған баланың туа біткен аурулары жоқ екенін айтты. Өлімнің себебі-ауа тапшылығы. Егер көмек уақытында көрсетілсе, ол өмір сүретін еді», - дейді әйел.
Айгүл медициналық қызметтердің сапасын бақылау департаментіне шағым түсірген. Олар перинаталдық орталықтың кінәсін растады. Азаматтық талап қою аясында сот әйелге миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттеген.
Әйел полицияға арыз жазған. Бірақ 2024 жылдың желтоқсанында тергеу қылмыс құрамының болмауына байланысты жабылды. Orda.kz облыстық денсаулық сақтау басқармасына екі рет сұрау жіберді. Бірақ бірде-бір рет жауап келмедң. Енді баласынан айырылған ана материалдарды Астанаға қайта сараптамаға жіберуді талап етіп отыр.