Аудан әкімінің ұлы 7 сыныпта оқитын қызды ұрып, мұрнын сындырған

17 наурыз 2024 18:31 / Новости Казахстана

Павлодарда аудан әкімінің ұлы 7 сыныпта оқитын қызды ұрып, мұрнын сындырған.  Бұл туралы зардап шеккен қыздың анасы Instagram-дағы парақшасында жариялады. Ол прокуратура мен облыс әкімінен бұл іске араласып, кінәлі тарапты қылмыстық жауапкершілікке тартуды сұрап отыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

Оқиға 10 қаңтар күні болған. Павлодар қаласындағы №8 лицейдің 6 сыныбында оқитын ер бала 7 сыныптағы қызды соққының астына алып, мұрнын сындырған.

Өзін Татьяна деп таныстырған қыздың анасы бұл жағдайға прокуратура мен өзге органдар құқықтық тұрғыдан дұрыс баға беруді, ұлдың ата-анасына қатысты қабылданған әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулының күшін жоюды сұрап отыр.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от Татьяна (@tat___k)

«Менің 7 сыныпта оқитын қызыма 6 сыныпта оқитын ер бала дене жарақатын салып, мұрнын сындырған. Сондай-ақ ол қызыма жеті рет ауыр соққы жасаған. 16 наурыз күні баламның мұрын сүйектері екінші мәрте түзетілді. Прокуратура органдарынан әкімшілік құқық бұзушылық туралы қаулының күшін жойып, ер баланың ата-анасын ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабы бойынша жауапқа тартуды сұраймын. Мәселеге облыс әкімі Асайын Байхановтың да назар аударуын өтінемін», - деді зардап шеккен оқушының анасы Instagram-дағы бейнежазбасында.

Серіктес жаңалықтары