Аутист балаларды өлтіру керек деген блогер жазаланады

10 қыркүйек 2025 16:22 / Новости Казахстана

Autism Kazakhstan ұлттық қауымдастығы Бас прокуратураға және ҚР ІІМ-не блогер Райхан Жұмамұратованың пікіріне қатысты ресми шағыммен жүгінді, деп хабарлайды Arbat.Media.

Блогер әлеуметтік желідегі пікірі қоғамда дүрбелең тудырды. Еске салайық, тамыз айының соңында Алматыда анасының жанында жүрген кішкентай баланың қасына белгісіз жасөспірім келіп, оны еш себепсіз көтеріп, бар күшімен жерге лақтырып жіберген еді. Блогер осы оқиғаның бейнесіне пікір қалдырған.

«Аутист балалар көп болып кетті. Оларды емдету керек, емделмесе өлтіру керек. Немесе оларға арнап аурухана ашу керек», - деп жазған ол.

Дамуында өзгерісі бар балалардың ата-аналары блогердің бұл пікірін зорлық-зомбылыққа шақыру және осал балаларға деген өшпенділік деп санады. Сондықтан қауымдастыққа жаппай шағымдар түсе бастады. Кейін құқық қорғау органдарына ресми өтініш жіберілді. Алматы полициясы осы факті бойынша тексеруді бастады.

Серіктес жаңалықтары