Азамат Сатыбалдының жары бұрын соңды айтпаған шындығын айтты

1 шілде 2026 11:24 / Новости Казахстана

Актриса, продюсер, режиссер, "Дарын" мемлекеттік сыйлығының және "Тарлан" сыйлығының лауреаты Назгүл Қарабалина жеке өміріне қатысты көпшілік білмейтін сырын бөлісті, деп хабарлайды Arbat.Media.

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы отбасына қатысты орынсыз сұрақ қоятын адамдарға ренішін білдірді. Оның айтуынша, кейбір жандар "неге бір баладан артық тумадың?" деп сұрайды.

"Маған неге бір баладан артық тумадың деп сұрақ қоятындарды қандай адам деп айтсам екен? Оны надандық дейміз бе, білімсіздік дейміз бе, одан жоғарылатып айту қиын сияқты. Құдай солай берді, оған қарсы келе аламыз ба? Ұлымыз өсіп келе жатыр, оған шүкіршілік дейміз. Маған жақын адамдар жеке сұрақ қоймайды, бірақ алыстау адамдар мен туралы бәрін білгісі келеді", – деді актриса.

Сонымен қатар Назгүл Қарабалина алғашқы күйеуі Азаматқа өзі ғашық болғанын ашық айтты. Оның сөзінше, академияда оқып жүрген кезде Азамат оған бірден көңіл бөлмеген.

"Шыны керек, академияда оқып жүргенде Азамат мені онша ұнатқан емес. Азаматқа алғаш ғашық болған мен болатынмын. Жасыратын ештеңесі жоқ. Азаматтың маған көңілі ауса екен, көрсе екен, байқаса екен деген сәттер болды", – деді ол.

Актриса сол кезде Азаматқа арнап альбом жасағанын да айтты. Онда ол Алладан екеуінің қосылуын тілеп, болашақта оның ата-анасына қамқор болуға дайын екенін жазған.

"Азамат ол кезде басқа қызды ұнатып жүретін. Мен альбомыма "О, Алла Тағала! Егер де Азамат маған назар аударса, біз екеуіміз үйленсек, оның зейнеткер ата-анасына қарайтын едім. Оның көпбалалы жанұядан екенін білемін. Тоғыз ағайынымен жақсы қарым-қатынаста боламын. Маған тек қана екеуіміздің қосылуымызды нәсіп етші" деп жазатынмын", – деді Назгүл Қарабалина.

Өнер иесінің айтуынша, бір күні Азамат сол жазбаларды оқып қойған. Содан кейін оның көзқарасы өзгерген болуы мүмкін.

"Соны бір күні Азамат оқып қойыпты. Содан кейін ойланған болу керек. Ондай адам керек қой. Ол тек есеппен үйленді. Менің сезімім шынайы болды. Басында есеппен үйленді, қазір енді жақсы көреді", – деді актриса.

Серіктес жаңалықтары