Әзірбайжан Түркі мемлекеттері ұйымының хатшылығына 2 млн доллар бөлді

7 қараша 2024 12:00 / Новости Казахстана
ото: Ақорда

Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев Бішкектегі Түркі мемлекеттері ұйымы XI Саммитінің отырысында сөйлеген сөзінде ТМҰ Хатшылығына 2 млн доллар және Ақсақалдар кеңесіне 100 мың доллар көлемінде қаржылай көмек бөлетінін мәлімдеді.Ильхам Әлиев атап өткендей, Түркі мемлекеттері ұйымының қазіргі бюджеті алға қойған мақсаттарға жету үшін жеткіліксіз, - деп хабарлайды Arbat.media.

«Әзірбайжанның Түркі мемлекеттері ұйымының Хатшылығына 2 млн доллар және Ақсақалдар кеңесіне 100 мың доллар көлемінде қаржылай қолдау көрсетуі ұйымның әлеуетін одан әрі нығайтады деп үміттенемін», - деді ол, - деп жазады Kazinform агенттігі.

Оның айтуынша, соңғы уақытта Шығыс-Батыс көлік дәлізі бойынша Әзербайжан аумағы арқылы тасымалдау бұрынғыдан да артқан.

«Әзірбайжан біздің еліміз арқылы Орталық Азия елдерін Түркиямен байланыстыратын бұл дәліздің өткізу қабілетін арттыру үшін инвестиция көлемін арттырып отыр. 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда мүше мемлекеттер мен бақылаушы мемлекеттер арасындағы транзиттік жүк тасымалы 15 пайызға дерлік өсті. Қазіргі уақытта Орта дәлізді цифрландыру және сауданы жеңілдету бойынша бірқатар жобалар жүзеге асырылып отыр. Бұл логистиканың тиімділігін арттыруға және шығындарды азайтуға мүмкіндік береді», - деді Ильхам Әлиев.

Серіктес жаңалықтары