Бағдат Мусин астаналықтардан кешірім сұрады
13 қазан 2023 12:05 / Новости Казахстана
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин елордадағы интернет сапасы үшін қала тұрғындарынын кешірім сұрады, - деп хабарлайды Arbat.media.
«Нақты әр жағдайды жеке қарастыру қажет. Дегенмен, қазіргі уақытта 5G технологиясын жаппай орнату және соған көшу жүріп жатыр. Базалық стансалар әкелінді немесе әкелініп жатыр. Процесс жүруде», - деді министр.
Осы ретте ол интернеттің сапасыз болғаны үшін елордалықтардан кешірім сұрады.
«Аталған сервистерді орнату және баптау барысында қиындықтар туындауы мүмкін. Әрине, тұрғындардан кешірім сұраймыз. Меніңше, бұл уақытша құбылыс. Мобильді байланыс операторлары жылдың соңына дейін елордада және Алматыда жағдайдың түзелетіндігіне уәде беріп отыр», - деді Бағдат Мусин.
6 қазан 2026 18:30 / Новости Казахстана
13 жастағы қызға тиіскен ер адам өмір бойына сотталды
6 қазан 2026 16:19 / Новости Казахстана
Алматы облысында екі баланы қаққан жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен
6 қазан 2026 15:10 / Новости Казахстана
Жоқ пәтерлерді жалға ұсынған: Қарағандыда студенттерді алдаған әйел ұсталды
6 қазан 2026 14:22 / Новости Казахстана
Ақмола облысында тұрғын мас күйде құрбысының көлігін ұрлап, жол апатына түскен
6 қазан 2026 12:30 / Новости Казахстана
Қанат Айтбаев жалғыз қызына ән арнады
6 қазан 2026 11:10 / Новости Казахстана