Балабақша қызметкері 1,5 жастағы баланың бетін тырнаған
1 қазан 2026 17:21 / Новости Казахстана
Оқиға Ақтөбе облысы, Шалқар ауданы, Бегімбет ауылындағы "Айгөлек" бөбекжай-бақшасында болған, деп хабарлайды Arbat.Media.
Анасы үйге келгенде ұлының бетіндегі тырнақ іздерін байқап, балабақшаға барған. Ал қызметкерлер бастапқыда бала өзін-өзі тырнағанын айтқан. Алайда бейнебақылау жазбасынан тәрбиешінің көмекшісі ұйықтап жатқан баланың бетін тырнағаны көрінген.
Анасының айтуынша, бүлдіршін содан бері екі күн бойы шошып, дұрыс ұйықтай алмаған.
Ол полицияға арыз жазып, баланы медициналық сараптамаға апарған.
Оқиғаға қатысы бар қызметкер жұмыстан уақытша шеттетілді. Қазір тергеу жүріп жатыр.
13 қараша 2026 18:22 / Новости Казахстана
Ақтауда жойқын жарылыс болды
13 қараша 2026 17:18 / Новости Казахстана
Екі айға жуық іздеген: Теміртау маңынан үш баланың анасы өлі табылды
13 қараша 2026 16:01 / Новости Казахстана
Елжас Отыншиев ұсталғаннан кейін «Қазақстан темір жолы» алғаш рет ресми мәлімдеме жасады
13 қараша 2026 14:58 / Новости Казахстана
Тоқаев «Самұрық Қазына» мен «ҚТЖ» басшыларының ұсталуына байланысты мәлімдеме жасады
13 қараша 2026 13:18 / Новости Казахстана
Ақтөбеде Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы Тимур Еспағанбетов ұсталды
13 қараша 2026 12:35 / Новости Казахстана