Балалар жарақатының көбеюіне әлеуметтік желілер кінәлі ме?
ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Мағрипа Ембергенова гаджетке көңілі ауғанда адамның қырағылығы жоғалатынын түсіндірді. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын қорғау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте балалар жарақатының көбеюіне үлкендердің оларға мән бермеуі басты себеп екенін айтты, - деп хабарлайды Arbat.media.
Ембергенова ДДҰ мен ЮНИСЕФ деректері бойынша балалармен болған қайғылы оқиғалардың 80%-ы ата-аналардың кінәсінен орын алатынын атап өтті: балалар үйде, көлікте қараусыз қалады, қауіпсіздік белдігін немесе балалар орындықтарын қолданбайды, басқа қауіпті жерлерде бақылау жүргізілмейді.
«Төтенше жағдайлар мамандары балалардың қайғылы құлауының айтарлықтай өсуін және ата-аналардың назар аудармауын түрлі гаджеттерде үнемі «отыру»мен байланыстырады», - деді Мағрипа Ембергенова.
Денсаулық сақтау министрлігі өкілінің түсіндіруінше, адам әлеуметтік желіге енген кезде баланы бақылауды қойып, қырағылығын жоғалтады.
Үш мың ата-ананың қатысуымен жүргізілген зерттеу балалардың 7%-ы соңғы 12 айда медициналық көмекті қажет ететін жарақат алғанын көрсетті.