Балалы келіншек телефонын жұлып алған ұрыны ұрып жықты
27 қазан 2023 9:20 / Новости Казахстана
Шымкент полициясы балалы әйелдің телефонын ұрламақ болған ер адамды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.
Телефон ұрламақ болған ер адам мен балалы әйелдің төбелескен сәті көшедегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Кейін ол видео әлеуметтік желіде тарап кетті.
Оқиға 16-мөлтекаудандағы көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында болған.
Келіншек баласына қарап тұрған сәтте күдікті келіп, шалбарының артқы қалтасындағы телефонын ала қашқан.
Артынан қуып жеткен келіншек ұрыны тартып құлатып, телефонын қайтып алады. Сол сәтте көшеде тұрған көршілер де көмекке келген.
Жәбірленуші полицияға арыз тастамаған.
Дегенмен шымкенттік тәртіп сақшылары аталған оқиғадағы күдіктіні іздестіріп жатыр.
13 қараша 2026 18:22 / Новости Казахстана
Ақтауда жойқын жарылыс болды
13 қараша 2026 17:18 / Новости Казахстана
Екі айға жуық іздеген: Теміртау маңынан үш баланың анасы өлі табылды
13 қараша 2026 16:01 / Новости Казахстана
Елжас Отыншиев ұсталғаннан кейін «Қазақстан темір жолы» алғаш рет ресми мәлімдеме жасады
13 қараша 2026 14:58 / Новости Казахстана
Тоқаев «Самұрық Қазына» мен «ҚТЖ» басшыларының ұсталуына байланысты мәлімдеме жасады
13 қараша 2026 13:18 / Новости Казахстана
Ақтөбеде Әуе қорғанысы күштері әскери институтының бастығы Тимур Еспағанбетов ұсталды
13 қараша 2026 12:35 / Новости Казахстана