Балқашта шенеуніктер мүмкіндігі шектеулі балалардың қаражатын “жеген”
17 сәуір 2025 13:07 / Новости Казахстана
Балқаш қаласының прокуратурасы мүмкіндігі шектеулі 14 баланың ай сайын мемлекеттен төленетін қосымша 13 106 теңгеден қағылып отырғанын анықтап, олардың құқығын қорғады, деп хабарлайды Arbat.media.
“Прокуратура анықтағандай, Балқаш қаласында үйде оқитын 38 мүгедек баланың 14-інің ата-анасы тиісті жәрдемақы алмаған. Қалалық мәслихаттың шешімі бойынша мұндай өтемақының мөлшері оқу жылына 10 айлық есептік көрсеткішті құрайды (айына 13106 теңге), ақша тоқсан сайын төленеді”, - деп хабарлайды прокуратура.
Тексеру қорытындысы бойынша прокуратура Балқаш қаласының білім басқармасына ұсыну енгізді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде балалар енді осы ақшаларын алатын болды.
9 қараша 2026 11:25 / Новости Казахстана
Тойдан қайтқан жолаушылар мінген көлік өзенге құлап, 71 адам қаза тапқан
9 қараша 2026 10:20 / Новости Казахстана
Орал маңында кран құлап, жұмысшы көз жұмды
9 қараша 2026 9:15 / Новости Казахстана
9 қарашаға арналған ауа райы болжамы
6 қараша 2026 18:35 / Новости Казахстана
Алматыда жаңа жылдық безендіруге 512,3 млн теңге бөлінбек
6 қараша 2026 17:48 / Новости Казахстана
Ақтөбеде әйел бұрынғы күйеуінің қолынан қаза тапты
6 қараша 2026 16:25 / Новости Казахстана