«Баспана беруден бас тартты»: Сурдлимпиада жүлдегерлері сотқа шағым түсірді

22 қараша 2024 9:35 / Новости Казахстана

Қысқы Сурдлимпиада ойындарының қола жүлдегерлеріне коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана берілмеген. Осыған орай, спортшылар сотқа талап арыз жолдады. Р., Н. және К. 2024 жылы Эрзурумда (Түркия) өткен қысқы Сурдолимпиада ойындарында қола жүлдегер атанған. Мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығымен бекітілген Олимпиада, Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету қағидаларына сәйкес, олар уәкілетті органға жүгінген. Алайда оларға коммуналдық тұрғын үй қорынан баспана беруден бас тартылды, - деп хабарлайды Arbat.media.

Алматы қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының ұйғарымымен есту қабілеті бұзылған спортшылар тобының мүддесі үшін тұрғын үй беруден бас тартуды заңсыз деп тану туралы әкімшілік талап арызы бойынша жасалған медиациялық келісім бекітілді, - деп жазады Kazinform агенттігі.

- Соттың құқықтық қорытындысын ескере отырып, оған сәйкес басқарма үш жұмыс күні ішінде Сурдлимпиада ойындарының жеңімпаздары Р., Н., К.-не тұрғын үй мәселесін шешуде мүдделерін көздейтін хабарландыру жіберетіндігі жөніндегі келісімге келді, - деп хабарлады қалалық соттан.

Серіктес жаңалықтары