Басы сүйегі мыжылған: Көкшетауда жұмысшының жарақат алуына байланыс іс қозғалды

3 ақпан 2024 12:00 / Новости Казахстана

Көкшетауда жұмысшының өндірістік жарақат алуына байланысты іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Arbat.media.

30 қаңтарда сағат 19:30 шамасында Ақмола облыстық ауруханасына Көкшетаудың іргесіндегі Краснояр ауылының тұрғыны «ашық бас сүйек-ми жарақаты, маңдай сүйегінің езіліп сынуы, мидың соққы алуы» диагнозымен жеткізілген.

Анықталғандай, ер адам жергілікті кәсіпорындардың бірінде слесарь-жөндеуші болып жұмыс істеген. Қолмен айналдырып тартатын құрылғымен жүк көтеру кезінде жарақат алған.

«Қазіргі кезде, осы дерекке байланысты Қылмыстық кодекстің 156-бабының 2-бөлігі бойынша «еңбекті қорғау ережелерін бұзу» сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сонымен бірге сот-медициналық сараптама тағайындалды. Мемлекеттік еңбек инспекторы мән-жайды анықтап жатыр», - деді ведомстводан.

 

Серіктес жаңалықтары