«Берденовтың келініме жасағанын балам ішіне жұтып кетті»: Жиембайдың әкесі мәлімдеме жасады
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша 9 жылға сотталған Ернар Жиембайдың әкесі тың ақпараттар айтты, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ернар Жиембайдың әкесі Жиембай Пралиев атышулы іске бұған дейін ешқандай пікір білдірмегенін атап өтті. Енді сотталушының өзі және туыстары сот шешімімен келіспей отыр.
«Менің келінім өсіп, өнген жердің қызы. Соған лайк басып, тағы да басқа әрекеттері бар. Оның бәрін отбасын сақтап қалу үшін балам ішіне жұтып кетті. Жала жапты деп ойламаңыздар. Ол болған нәрсе», - деді Жиембай Пралиев.
Ернар Жиембайдың әкесі Берденовтың адамдармен қарым-қатынасына да шүйлікті.
«Саяси лауазым иесі, «сен» деп сөйлейді. Оның өзі қателік. «Шашың түсіп қалған, үстіңде не киім?» деп сөйлейді. Ол кісінің ең бірінші қателігі өзінің тәкәппарлығынан деп ойлаймын», – дейді сотталушының әкесі.