«Бестеректегі көлік апаты»: Жарақат алған балалардың жағдайы ауыр
20 тамыз 2025 21:19 / Новости Казахстана
Бестерек ауылында болған көлік апатында екі отбасы кішкентай бүлдіршіндерінен айырылып қалды, деп хабарлайды Arbat.Media.
Ауыр жарақаттан көз жұмған балалардың кішісі 2-де, үлкені 8 жаста.
Қайғылы жағдай үйдің жанында болған. Шамамен 10 метр жерде кетіп бара жатқан көлік жолдан шығып кетіп, ауланың ішінде алаңсыз ойнап отырған 6 баланы қаққан.
Қазір ауыр жарақат алып, Астанаға санавиациямен жеткізілген екі баладан бөлек, аудандық ауруханада 9 жасар қыз өмір мен өлімнің арасында жатыр. Жағдайы өте ауыр, дейді мамандар.
Куәгерлер жүргізуші көлік басқарып келе жатқанда талмасы ұстап қалған дейді. Ол 2 айға қамауға алынды. 55 жастағы күдікті сол ауылдың тумасы. Ол 20 жыл автобус тізгіндеген тәжірибелі жүргізуші болған.
10 қараша 2026 15:15 / Новости Казахстана
Абай облысында тереңдігі 15 метрлік карьерден заңсыз алтын өндірілген
10 қараша 2026 14:31 / Новости Казахстана
«Қазақ елі барда қазақ тілі тұғырдан түспейді» - Тоқаев
10 қараша 2026 12:32 / Новости Казахстана
Қазақ тілін дамытуға жиналған қаражат 824 миллион теңгеге жетті
10 қараша 2026 9:14 / Новости Казахстана
10 қарашада ауа райы қандай болады?
9 қараша 2026 18:30 / Новости Казахстана
Мұнай өнімдерін экспорттауға салынған тыйым тағы алты айға ұзартылды
9 қараша 2026 18:16 / Новости Казахстана