«Бір адам ғана тірі қалуы мүмкін»: Журналист Гүлмира Әбіқай Атыраудағы оқиға жайлы тың дерек айтты
Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай "Алаш Орда" YouTube-арнасына берген сұхбатында Атырау облысындағы оқиғаға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Arbat.Media Arasha.kz-ке сілтеме жасап.
Қазір көпшілікті "Мейрамгүл мен Наурыз, сондай-ақ Сұлтанның жұбайы Ақбаян аман-есен бе?" деген сұрақ алаңдатып отырғанын айтқан журналист бұл мәселеге қатысты өз болжамын жасырмады. Алайда оның пайымы көңіл көншітпейтін болып шықты.
"Егер көріпкел болсам, жағдайдың бәрін ашып айтар едім. Бірақ қазіргі кезде көріпкелдердің өздері де бір-біріне қарама-қайшы болжам айтып жүр. Елдің бәрі “көріпкелден сұраңыз" деген соң, әлемге танымал бірнеше көріпкелмен де байланыс орнаттық. Болжамдар әртүрлі. Ал жеке пікірімді айтсам, бір адам ғана тірі қалуы мүмкін, ал төрт адам табылмайды деп ойлаймын", – деді Гүлмира Әбіқай.