«Бір аудан жарықсыз қалды»: Алматыда электр желісінде ақау шықты

14 қараша 2025 9:46 / Новости Казахстана

Алматының Алатау ауданында ЖЭО-2 аумағындағы апатты жағдай салдарынан бірден бірнеше шағынаудан тұрғындары жарықсыз қалды, деп хабарлайды Arbat.Media.

Алатау жарық компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, 13 қарашада ЖЭО-2 аумағында 110 кВ №124А және №101А жоғары кернеулі электр желілерінің апатты түрде өшірілуі тіркелген. Салдарынан ПС-162А «Алғабас», ПС-169А «Ақбұлақ» және ПС-123А «АТЭЦ-2» қосалқы станциялары уақытша электр қуатынан ажыратылды.

«Ақбұлақ, Алғабас, Ақкент, Саялы, Теректі, Ғажайып, Көксай, Нұркент, Дарабоз, Зерделі тұрғын массивтері мен Райымбек даңғылы – Момышұлы – Мөңкеби көшелері шеңберіндегі аумақтар жарықсыз қалды» - деп хабарлады компания.

Қазіргі уақытта мамандар апаттың себептерін анықтап, жарықты кезең-кезеңімен қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Серіктес жаңалықтары