Бірінші АЭС құрылысына $10-12 млрд жұмсалады
Қазақстанда атом электр станциясын салу ұсынысы референдумда мақұлданса, шамамен 10-12 миллиард доллар бөлінеді. Бұл туралы Энергетика министрлігінің «Баламалы энергия көздерін пайдалану туралы» ҚР Заңының жобасына арналған нормативтік-құқықтық саясат жөніндегі консультативтік құжатында айтылған, - деп хабарлайды Arbat.media.
Құжатқа сәйкес, Қазақстанда энергетика саласында бірқатар проблема бар, - деп жазады Kazinform агенттігі.
Электр және жылу энергиясын өндірудің жалпы көлемінде баламалы және жаңартылатын энергия көздерінің үлесінің төмендігі, баламалы энергетиканы дамыту үшін қолайлы жағдайлардың жоқтығы, сондай-ақ баламалы энергия көздерін пайдалану қызметін дамытуды мемлекеттік деңгейде заңнамалық реттеудің жоқтығы.
Осыған байланысты сипатталған мәселелердің келесі шешімдері ұсынылады:
- Бизнес-қоғамдастықты баламалы энергия көздерін пайдалануға ынталандыру. 2029 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерінен алынатын электр энергиясының үлесі жалпы өндірістің 12,5 пайызын құрайтыны атап өтілді.
- Баламалы энергия көздерінің барлық түрлері бойынша жаңартылатын энергия көздері туралы заңда көзделген преференцияларды 2026 жылға дейін кеңейту.
- Заңнамалық деңгейде көміртегісіз баламалы энергия көзі ретінде атом энергиясын анықтау.
- Қазақстанда 2040 жылға қарай 5 триллион теңгеге дейін инвестиция тартуға әкелетін сутегін өндіруге жағдай жасау.
Қазақстан бұл мәселені заңнамалық тұрғыдан реттеуге ынталы. Жалпыхалықтық референдумда атом электр стансасын салу мәселесі мақұлданған жағдайда бұл нысанға 10-12 миллиард доллар инвестиция салынады деп күтілуде.
Құжат 27 шілдеге дейін қоғамдық талқылауға ұсынылған.