«Бірнеше күн арақ ішкен»: Руслан Берденовты атқан адам туралы тың дерек

28 сәуір 2025 9:42 / Новости Казахстана

Мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атқан күдіктінің қылмысқа дейінгі жағдайын сипаттай келе, оның бірнеше күн бойы ішімдік ішкенін алға тартты, деп хабарлайды Arbat.media Dalanews.kz сайтына сілтеме жасап.

"Нақты сол жерде мас болғанын анық айта алмаймын, бірақ естуімше, бірнеше күн арақ ішкен", – деді депутат.

Еске салсақ, 21 сәуір күні Шымкент қаласы әкімдігі ғимаратының маңында атыс оқиғасы тіркелді. Оқиға салдарынан қала әкімінің орынбасары Руслан Берденов жарақат алды. Полицияның ресми мәліметіне сәйкес, күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қазіргі таңда бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүргізіліп жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, Руслан Берденов оқ жарақатымен қалалық ауруханаға жеткізіліп, оған шұғыл операция жасалған. "Операция барысында қан кету тоқтатылып, зақымданған органдар қалпына келтірілді. Оның өміріне қауіп жоқ", – делінген ресми ақпаратта. Министрліктің мәліметінше, шенеуніктің жағдайы "тұрақты ауыр" деп бағаланып отыр. Ол қазіргі таңда дәрігерлердің тұрақты бақылауында және барлық қажетті медициналық көмекті алуда.

Серіктес жаңалықтары