Биыл Астанада 83 жасөспірім суицид жасаған

8 қараша 2023 21:27 / Новости Казахстана

Астанада жасөспірімдер арасында суицид жасау көрсеткіші өткен жылмен салыстырғанда 16%-ға өскен және көбіне қыздар суицидке барады, - деп хабарлайды Arbat.media.

Бұл туралы Астана қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әлия Рүстемова мәлім етті.

«Психикалық денсаулық орталығы жүргізген Астана бойынша кәмелетке толмағандардың суицид әрекеттері мониторингте биылғы тоғыз айда 83 суицид жағдайы тіркелді. Былтырғыдан 16%-ға артық. Оның ішінде 81,3% - қыздар», - деді Әлия Рүстемова.

Кәмелетке толмағандардың суицидке баруына себеп болатын жайлардың ішінде отбасындағы жанжал бірінші орында тұр екен.

«32 жағдайда немесе 38,6% құрдастары немесе достарымен жанжалдасу себеп. Депрессия 9 жағдай немесе 9,6%. Балалар суицидологы жұмыс істейтін №3 емханада балаларға шұғыл психологиялық көмек кабинеттері жұмыс істейді», – дейді ол.

Серіктес жаңалықтары